Часто задаваемые вопросы
Все темы Напишите письмо Закрыть
?
Служба поддержки 9:00-18:00+7 (7172) 95-42-40
× Логин или пароль введены неправильно. Попробуйте еще раз.

08.10.2025 2025 жылғы 8 қазанда «Қазақстандағы үздік 1С пайдаланушысы 2025» конкурсы басталады

 
1С Қазақстан 2025 жылғы 8 қазанда «Қазақстандағы үздік 1С пайдаланушысы 2025» конкурсының (бұдан әрі – Конкурс) басталғаны туралы жариялайды.
 
Конкурсқа ҚР резиденттері болып табылатын жеке тұлғалар – «ПРОФ» деңгейіндегі 1С:АТС Қазақстан пайдаланушылары, «Оңтайлы», «Кеңейтілген», «Бюджет», «БФБ», «1С:Қазақстанға арналған МИБ, ЖС, БК, СК, ПИК 1С:Бухгалтериясы. ПРОФ» тарифтері бойынша 1С:Fresh пайдаланушылары қатыса алады.
 
Алайда, алғашқы іріктеу турына барлық 1С пайдаланушылары қатыса алады.
 
Екінші турға қатысуды жалғастыру үшін қатысушы келесі пайдаланушы болуы керек:
• «ПРОФ» деңгейіндегі 1С:АТС Қазақстан пайдаланушы, немесе
• «Оңтайлы», «Кеңейтілген», «Бюджет», «БФБ», «1С:Қазақстанға арналған МИБ, ЖС, БК, СК, ПИК 1С:Бухгалтериясы. ПРОФ» тарифтері бойынша 1С:Fresh пайдаланушысы.
Егер конкурс қатысушысы осы талаптарға сәйкес келмесе, екінші турға қатысуды жалғастыру үшін көрсетілген қызметтерді 31.10.2025 дейін рәсімдеуі қажет.
 
Конкурсқа қатысушыларды бухгалтерлік және салықтық есепке алу, «1С:Бухгалтерия для Казахстана» («Қазақстанға арналған 1С:Бухгалтерия») бағдарламасы мен 1С сервистерін пайдалану тақырыбындағы тестілеу, кейстер және әртүрлі тапсырмалар күтеді.
 
Конкурсқа қатысуға «1С:Бухгалтерия для Казахстана» («Қазақстанға арналған 1С:Бухгалтерия») бағдарламасы бойынша өз білімін тексергісі, жаңа дағдыларды меңгеріп, 1С сервистері туралы білгісі келетін 1С пайдаланушылары шақырылады.
 
Конкурсқа қатысу – бұл кәсіби дағдыларды тексеру мен жаңа білім алу тәсілі ғана емес. Жанды шығармашылық атмосфераның арқасында қатысушылар іскерлік ортада жаңа адамдармен танысады, пікірлестермен қарым-қатынас жасайды, тәжірибе алмасады және «1С» кәсіпқойларының достық қоғамдастығының бір бөлігіне айналады. Қатысушыларды жаңа адамдармен танысу және әріптестерімен жақсы қарым-қатынас жасау күтеді.
 
Конкурс мынадай үш турда өткізіледі:
  • its.1c.kz ақпараттық ресурсында тестілеу түрінде онлайн-форматтағы алғашқы іріктеу туры (2025 жылғы 8 қазан – 2025 жылғы 30 қазан).
  • Астана, Алматы, Өскемен, Қарағанды, Петропавл, Көкшетау қалаларында көзбе-көз/офлайн форматтағы екінші тур (болжамды күні – 2025 жылғы 13 қараша, дәл күні Конкурстың сайтында (thebest.1c.kz) көрсетіледі).
  • Астана қаласында көзбе-көз/офлайн форматтағы ақтық тур (болжамды күні – 2025 жылғы 11 желтоқсан, дәл күні Конкурстың сайтында (thebest.1c.kz) көрсетіледі).
 
 
Алғашқы іріктеу турының нәтижелері бойынша екінші турға 100-ден кем емес Конкурсқа қатысушы іріктеп алынады.
 
Екінші турдың қорытындысы бойынша финалға 10-нан кем емес Конкурсқа қатысушы іріктеп алынады.
 
Ақтық турдың қорытындысы бойынша 3 жеңімпаз – 1, 2, 3-орын айқындалады.
 
 
КОНКУРСТЫҢ ЖҮЛДЕ ҚОРЫ
 
  • 1-орын – бас жүлде: автомобиль және «Қазақстандағы үздік 1С пайдаланушысы 2025» жеңімпазы атағы;
  • 2-орын – 800 000 теңге және «Қазақстандағы үздік 1С пайдаланушысы 2025» конкурсының күміс жүлдегері атағы;
  • 3-орын – 500 000 теңге және «Қазақстандағы үздік 1С пайдаланушысы 2025» конкурсының қола жүлдегері атағы.
 
 
Конкурсты ұйымдастырушы Қазақстандағы «1С» сауда таңбасының өкілдігі – «ИнфоСофтПром» ЖШС болып табылады. 1С жетекші серіктестері Конкурс өткізілетін орталықтар болып табылады, Өткізілетін орталықтардың тізімі Конкурстың сайтында (thebest.1c.kz) жарияланған.

КОНКУРСТЫ АҚПАРАТТЫҚ ҚОЛДАУ

Конкурсқа қатысушыларды сервистік қолдау konkurs.its@1c.kz e-mail-і арқылы жүзеге асырылады.
Конкурс бойынша егжей-тегжейлі ақпарат https://thebest.1c.kz/ сайтында.
Конкурс туралы ереже сілтеме арқылы.
 
 
КОНКУРСТЫ ӨТКІЗУДІҢ ЖОСПАР-КЕСТЕСІ
(күндер өзгеруі мүмкін, дәл күндер thebest.1c.kz Конкурстың сайтында көрсетілген)
  Басталуы Аяқталуы
Алғашқы іріктеу туры (онлайн) 2025 жылғы 8 қазан 2025 жылғы 30 қазан
Алғашқы іріктеу турының нәтижелері – екінші турға өткен қатысушыларды айқындау 2025 жылғы 31 қазан 2025 жылғы 4 қараша
Қатысушылардың екінші турына тіркелу 2025 жылғы 4 қараша 2025 жылғы 9 қараша
Екінші тур (өткізілетін орталықтарда көзбе-көз) 2025 жылғы 13 қараша 2025 жылғы 13 қараша
Екінші турдың нәтижелері – ақтық турға өткен қатысушыларды айқындау 2025 жылғы 14 қараша 2025 жылғы 28 қараша
Финал және конкурстың қорытындысын жариялау 2025 жылғы 11 желтоқсан 2025 жылғы 12 желтоқсан


 
 
 

Другие новости

Другие сайты фирмы "1С"

© ООО "1С-Софт", 2019-2025
Все права защищены. Все торговые марки являются собственностью их правообладателей.
Политика конфиденциальности
Служба поддержки 9:00-18:00:
+7 (7172) 95-42-40
support@1cfresh.kz
Партнерам фирмы "1С":
info@1cfresh.kz
RSS
Ваша личная информация под надежной защитой. Ваш браузер соединяется с сайтом по защищенному протоколу HTTPS.
Сайт использует SSL-шифрование для всех передаваемых данных.
Иконка ожидания Ваше приложение готовится к использованию. Пожалуйста, подождите.
Наверх